​Отбасылық өмірден ШАРШАП ЖҮРСІЗ БЕ?

0
2 982

Кезінде керемет махаббатпен тұрмысқа шыққан жанның өзінде кейде тұрмыста болудан шаршайтын кездері кездеседі.


​Отбасылық өмірден ШАРШАП ЖҮРСІЗ БЕ?

Отбасылық өмірдің мәңгі жалғасуы көптеген еңбекті, күш жігерді талап етеді. Тіпті керемет махаббатпен үй болғандардың өзінің махабат жалыны өшіп, ұшқынын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан кейде отбасылық өмірден, жұбайымен арадағы қарым-қатынастан шаршаған кезде ажырасуға бел буып жататындар көп. Егер сіз де ажырасқан жандардың қатарын көбейткіңіз келмесе, отбасылық өмірден шаршаған кезде мына тәсілдерді істеп көріңіз:


Не сезініп тұрғаныңды өз-өзіңе жасырмай айту

Неке не себепті шаршау сезімін туғызатынын түсіну үшін өз өзіңмен шынайы сөйлесу керек. Эмоцияны жасырып, өз-өзіңмен шынайы сөйлесе алмасаң онда дұрыс шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан өзіңе не жақпай жүргенін анықтауға тырыс. Мүмкін жұмыстан шаршаған боларсың, мүмкін отбасылық өмір бір арнаға түскен соң тек жұбайлық міндетке айналып кетті. Ажырасу мәселесінен қорыққандықтан көбіне өзімізді-өзіміз алдап сендіреміз. Алайда мұндай өтірік жағдайды одан ары ушықтырып жібереді. Сондықтан алдымен өзіңді түсініп алып барып шешім қабылдау керек.


Некеден шаршаудың себебін анықтау

Қандай сезімде екеніңді түсінген соң, барлық жағдайды салыстыра қарап, өзіңе «отбасылы болудан неге шаршадым» деген сұрақ қойып көр. Егер жауапты ойланып, оған шын жауап берсең, онда жағдайды өзгерте аласың. Шын мәніндегі себебін түсінген сайын тек лайықты шешім тауып қана қоймай, тұлға ретінде де өсе түсесің. Мысалы отбасылық өмірің бір арнадан шықпай, өзіңе жолдасыңның назары жетпей жүрсе, онда онымен ашық сөйлес.



Әдеттеріңді өзгертіп көр

Бірнеше жылдап өзгермеген әдеттен қуаныш табу қиынға түседі, жалықтыра бастайды. Осыдан келіп өзіңді шаршаңқы сезінуің мүмкін. Сол секілді отбасылық өмірде де алғашқы кездердегі ынтық, жалынды шақтар уақыт өте тұрмыстың көлеңкесінде қалып қызықсыз бола бастайды. Сондықтан алғаш үйленген кездегі әдеттерді өзгертіп, жолдасыңмен бірге өзге де жаңа нәрселерді жасауға, ұйымдастыруға болады. Мысалы демалыс күні бар шаруаны жинастырып отбасымен үйде кинотеатрдағыдай кино көруді ұйымдастыру, т.б.


Жолдасыңа жаңаша қара

Бір адамды ұзақ уақыт күнде көріп жүрген соң оны бағалауды доғарамыз. Оның болмысын көруден қаламыз. Мысалы жолдасыңа деген жиналып қалған реніш оның шын болмысын көрсетпей, тек жаман адам ретінде көрініп қалуы мүмкін немесе керісінше. Алайда уақыт өте адамның өзгеретінін ұмытпау керек. Сондықтан жолдасыңа жаңаша көзқараспен қарап көр.


Ішкі сезіміңді жолдасыңа айтып сөйлесіп көр

Отбасылық өмірдің жылдары көбейген сайын ерлі-зайыптылардың арасындағы сырласу, ақтарыла сөйлесу азаяды. Барлық сөз тұрмыстық мәселеден аспайды. Алайда екеуара қарым қатынаста сырласып сөйлесудің маңызы зор. Сондықтан мейлінше ішіңдегі бар сырыңды, сезіміңді жолдасыңа айтқан жөн. Бұл бір шешім табуға көмектеседі.


Алғыс айтып үйреніңіз

Отбасылық өмірге үйреніп жолдасыңды күнде көріп жүрген соң күнделікті сөйлесулер тұрмыстық мәселелерден аса қоймайды. Егер отбасылық өмірден шаршағаныңды сезсең алғыс айтып үйрену керек. Яғни жолдасыңды кез-келген жетістігі үшін мақтап, жаныңда болғаны үшін алғыс айтып отырған дұрыс. Тіпті бұл күнделікті қарапайым ісі болса да. Мұндай әрекет ерлі зайыптылардың бір-бірін бағалауына септігін тигізеді. Егер жолдасыңнан да алғыс ести бастасаң көңіл күй көтеріліп, екі араны бұрынғыдан да жақындата түседі.


Егер некеден шаршау белгілі бір кезеңде орын алып, кейін басылып қалса онда мұның түрлі себебі болуы мүмкін.

Мысалы шаршаған кезіңді тек жолдасыңмен ұрсып қалғанда немесе өзге мәселемен күйзелгенде ғана сезіну. Ал мәселе шешіліп, жолдасыңмен қайта жарасқанда бәрі басылып, шаршағанды ұмытасың. Мұндай кезде үрейге түсіп бірден ажырасуға бел бумаған жөн. Барлық мәселені жаныңдағы жолдасыңмен сөйлесіп шешіп, қиындықтарды бірге өту керек.


Тұрмыста болудан шаршағанды сезінгенде жоғарыдағы айтылған мамандардың кеңесін орындап көру керек. Мұның бір нәтижесі болары анық. Асығыс шешімнен аулақ болған жөн.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Ұқсас материалдар:


ӘЙЕЛ БАСҚАРҒАН отбасы бақытты бола ма?


БҰЛ ҚҰПИЯНЫ құрбыңызға да АЙТУҒА БОЛМАЙДЫ.