Қазіргі уақытта асыраушы, табыс табушы рөлінде әйелді, ал үй шаруасында ер азаматты көру таңқаларлық дүние емес.
Отбасында кім басшы? Осы сұрақ қазіргі көптеген жастардың арасына сызат түсіргені анық. Әрине дәстүр бойынша отбасының басшысы ер адам. Бірақ қазіргі дамыған заман, отбасылық жауапкершілікті, міндетті ер мен әйелдің теңдей бөліп алуына немесе басшылқ рөлді әйелдің өз қолына алуына жеткізді. Егер әйел отбасы билігін қолына алса ол отбасы қандай болады? Негізінен отбасы билігі ерлі зайыптылардың қайсысында болғаны дұрыс? Міне осы сұрақтарға жауапты төменнен оқи аласыздар.
Отбасында басшы болу деген...
Әлеуметтік көзқараста отбасы басшысы деген түсінікке біраз дүниелер енеді. Яғни отбасы басшысы төмендегідей жауапкершілікке ие:
- Қаржылық. Отбасын материалдық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету.
- Стратегиялық. Маңызды шешімдер қабылдау. Яғни қайда тұру керек, демалыс қайда өтеді, отбасылық бюджетті реттеу, бала тәрбиесі.
- Әлеуметтік. Араласатын адамдар ортасын анықтау. Өмірлік қиындықтарды шешу.
Негізінен бұл жауапкершіліктің барлығын ерте кезден ер азаматтар өз мойнына алған. Ал әйел адам отбасының ішкі тұрақтылығына байланысты, яғни көңіл-күй, жігерлендіру, денсаулық, үй ішінің жайлылығы, бала тәрбиесіне жауапты болған. Ал қазіргі кезде отбасының екі басшысының орны, жауапкершіліктері жиі ауысып кетіп жатады.
Отбасының басшысы ер адам болса...
Ер азамат отбасын басқаруы – бұл жоғарыда айтып кеткендей ертеден келе жатқан бір қарағанға қарапайым жайт, классикалық үлгі саналады. Ер азамат отбасын асырап бағады, әйел үй тұрмысына жауап береді. Бірақ мұның мәнісі тереңде, ер азамат отбасым үшін деп, тек ақша тауып келгені жарамайды. Ол отбасын асыраумен қатар әйелінің бақытты болуы үшін де жауапкершілік арқалайды. Өзінің де жарының да мәселелерін шешеді. Әйеліне тек сөзбен ғана емес іспен де қолдау білдіруі керек.
Мұндай отбасындағы әйел қандай болады? Ол жігерлендіруші, көңілдес, шаруаға пысық әйел. Сондай-ақ ол шаршап келген жолдасына еркінси алатын, демалатын, күш жинайтын жағдай жасап, үй ішінде жайлылық орнатуы міндетті.
Отбасындағы мұндай жағдай ерлі зайыптылардың екеуінің де психологиялық және физиологиялық жағынан жақсы қалыптасуына алып келеді. азаматтың
- Бұл отбасындағы ер азаматтың тестостероны орта есеппен 32-33 есе көп өндіріледі. Ал бұл гормон адамның нақты нәтижеге қол жеткізуіне энергия бөледі.
- Ал мұндай отбасыдағы әйел жанындағы адамның эмоциясын оқи біледі. Айналасындағы адамдардың қажеттіліктерін, көңіл күйін біледі және соған әсер ете алады. Бұл да гармонның көп өндірілуінен орын алады.
Ер азаматтың миы бір мақсатты алдына қойса, соған жетіп орындалмайынша оны өзінен шығармайды. Ал әйелдердің миы көптеген нұсқаларды бірден қабылдай береді. Осыған байланысты олар көптеген кеңес бере алады.
Отбасында әйел басшы болса...
Қазіргі уақытта асыраушы, табыс табушы рөлінде әйелді, ал үй шаруасында ер азаматты көру таңқаларлық дүние емес. Отбасындағы мұндай орны алмасқан дүние, әйел белсенді болса ғана жақсы. Белсенді болса мансабын жоғарылатуға, әлеуметтік байланыстар орнатуға ұмтылады, ал ер азамат тыныш қана үйдан шықпағанды дұрыс көреді. Кейде табысты ер азамат тапқанымен ақшаны жұмсайтын, барлық жауапты, маңызды шешімді қабылдайтын әйел болатын жағдайлар да кездеседі. Өкінішке орай мұндай жағдай кейде екі жанды да шаршататын кездер болады. Мәселен басында әйел жолдасына көмектесу, қолдау үшін жауапкерлшіліктің басым бөлігін өзіне алады. Ал ер азамат уақыт өте сол жағдайға үйреніп қалады әйелдегі артық жауапкершілікті қайта өзіне алғысы келмейді. Осыдан келіп әйел өмірі бітпейтін шаруаның ортасында қалады, ал ер азамат біртіндеп «диван батырға» айналады.
Отбасында әйелдің басшы болуы тек ол қиын шешімдерді құлшына шешіп, жолдасының әрекетсіздігі шаршатпағанға дейін ғана ұласады.
Отбасындағы тең басқару
Қазіргі замандағы тағы бір кең таралған жағдай. Отбасындағы барлық міндеттер теңдей екіге бөлінеді. Екеуі де жұмыс істейді, екеуі де үй шаруасына қарайды, маңызды мәселелерді де бірлесіп шешеді. Бір қарағанға өте керемет секілді көрінеді. Бірақ бұл жағдайдың да өзіндік қиындықтары бар.
- Мысалы отағасы жинаған қорға көлік алғысы келеді, ал әйелі үй алғанды немесе бизнеске салғанды дұрыс санайды. Әркім өз дәлелін айтып бір-бірін көндіруге тырысады. Уақыт өте береді бірақ ортақ шешім шықпайды. Керісінше арада үлкен дау туындай бастайды.
- Кейде жауапкершілік пен міндеттерді тең бөлу екеуара таусылмайтын кикілжіңге әкеледі. Ерлі-зайыптылар кімнің көп жұмыс істегенін, балаға кім көбірек көңіл бөлетінін айтып, санасып, бір бірін түрткілеп отырады.
- Сондай-ақ мұндай тең басқарудағы жағымсыз жағдай, ерлі зайыптылардың бірі уақытша еңбекке жарамсыз жұмыссыз қалған кезде қатты білінеді. Ортақ іске үйреніп қалған жан жалғыз өзі табыс табатын болса үйде қалған жартысын жұмыссыз отырғаны үшін кінәлай бастайды.
Отбасындағы тең басқару қандай кезде жақсы? Егер ерлі зайыптылар қажет кезде бір-біріне шегініп жол ұсына алса және бр-бірінің қызығушылықтарын ескеретін болса жақсы. Ал егер әркім өзінің қажеттілігі мен арманы үшін бір-бірін кінәлайтын болса онда бұл отбасының күйреуіне алып келеді.
Отбасында кімнің басшы болғаны дұрыс?
Отбасылық қарым-қатынасты билікке таласқа айналдыруға болмайды. Отбасында қаржылық жауапкершілікті алдың ба, әлде үй ішінің жайлылығын сақтайсың ба, бұл маңызды емес. Маңыздысы екеуі де өздерін бақытты сезінгені. Отбасындағы үйлесімділік, жайлылық өз қажеттіліктеріңді түсінуден басталады.
Кез-келген отбасы мейлі ер азамат басқарсын, мейлі әйел басшылықта болсын бақытты бола алады. Бастысы ерлі-зайыптылар арасында бір-біріне деген сыйластық сезімі болса болғаны.
Дайындаған: Э. Базарбаева,
Тағы оқыңыз: БҰЛ ҚҰПИЯНЫ құрбыңызға да АЙТУҒА БОЛМАЙДЫ