78 жастағы әжей өз үйінде өртеніп кетті

0
1 086

Түркістан облысында 78 жастағы зейнеткер өз үйінде өртеніп кетті.


78 жастағы әжей өз үйінде өртеніп кетті

Түркістан облысында 78 жастағы зейнеткер өз үйінде өртеніп кетті. Қайғылы жағдай Арыс қаласында болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Іnform.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қарт әжейдің үйі өртеніп жатқаны туралы хабарлама күндізгі сағат 13.07-де түскен. Хабарлама бойынша оқиға орнына ТЖД-ның 9 қызметкері мен 2 техникасы, сондай-ақ полиция қызметінің тергеу тобынан 12 қызметкер мен тағы екі техника шыққан.

Жалын жеке тұрғын үйдің жатын бөлмесінен шығып, 4 ш.м жер жанып кеткен. Ондағы көрпе-төсектің арасынан 1940 жылы туған азаматшаның мәйіті табылған. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында аптап ыстықтан өрт оқиғалары жиілеп барады. Жуырда ғана Сарыағаш ауданындағы «Арман» шипажайының негізгі ғимараты өртенсе, артынша осы аудандағы Жемісті ауылында 4 үй жанып кетті. Ондағы өртенген көліктердің бірінен 3 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылған болатын.