«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Түлкібас ауданында 45 бинес-жоба мақұлданды

0
635

8 жобаға 45 млн. теңге қаржы қаралып отыр.


«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Түлкібас ауданында 45 бинес-жоба мақұлданды

Түлкібас ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 45 жоба мақұлданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, халық табысын ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде аудан әкімдігінің үйлестіруімен жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.


Пилоттық жоба шеңберінде алғашқы болып таңдалған Балықты және Мичурин ауылдық окургтерінде мал шаруашылығы, оның ішінде сауынды сиыр бағыты мен сүтті қайта өндеу, балық, құс шаруашылығын дамыту бойынша осы күнге дейін құжаттары толық рәсімделген 45 жоба мақұлданып, соның ішінде 8 жобаға 45 млн. теңге қаржы қаралып отыр.


Бұл жайында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен жиында аталған окург әкімдері мен осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге жауапты бөлім басшысы баяндады. Аудан басшысы тұрғындар бағдарламаның игілігін көруі керектігін ескертіп, тиісті құжаттарын рәсімдеуге қолдау көрсетуді тапсырды.


Бұдан бөлек, лездемелік жиында аудан аумағындағы елді мекендердің санитарлық тазалығы мен күре жол бойындағы ғимараттардың қасбеттерін ретке келтіру мәселесі қаралды. Аудан басшысы ауыл әкімдеріне анықталған кемшіліктерді тез арада жоюды жүктеп, 1 шілдеге дейін мерзім белгіледі.


Тұрмыс жағдай төмен отбасыларға көмек беріп, үйлерінің қасбеттерін ретке келтіру бойынша қолдау көрсету керектігін атап өтті.