«BILIM ORTALYGҮ» ашылды

0
1 130

Коворкинг орталығын ашудағы негізгі мақсат – әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады.


«BILIM ORTALYGҮ» ашылды

фото: facebook.com

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы және "Нұр Отан" партиясының "Қазақстан кітапханалары - замануи білім Oрталықтары" жобасы аясында Түркістан облысы Созақ аудандық балалар кітапханасында «BILIM ORTALYGҮ» яғни, коворкинг орталығы ашылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Коворкинг орталығын ашудағы негізгі мақсат – әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады.
Аталмыш коворкинг орталығы іскерлік қатынас және демалыс, ғаламтор және балалар деп үш алаңға бөлінген.
Іскерлік қатынас аймағы және демалыс алаңында - іскерлік кездесулер, пікірталастар, лекция, семинар, шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастыруға болады. Демалыс орнында шахмат, шашка ойнауға болады.
Ғаламтор алаңы – бұл орын жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтармен (компьютер, проектор, экран) жабдықталған. Интернет, WI-FI бар.
Балалар алаңы – мұнда балалар кітап және журналдар алып, оқуына жағдай жасалған және теледидар арқылы сүйікті бағдарламаларды, мультфильмдерді көруге болады.
Коворкинг орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер,интернет жұмыс жасайды.