Қарақшылар түркістандық тұрғынды тапаншамен қорқытып, 700 мың теңгесін тартып алған

0
715

Медициналық маска киіп алған.


Қарақшылар түркістандық тұрғынды тапаншамен қорқытып, 700 мың теңгесін тартып алған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері фирма өкіліне қарақшылық шабуыл жасаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, ер адам түскі уақытта өзінің Газель көлігіне отырған сәтте, оған шабуыл жасалғанын хабарлаған. Медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлға оны қарумен қорқытып, ішінде 700 000 теңгеге жуық ақшасы бар сөмкесін тартып алып, белгісіз бағытқа қарай автокөлікпен іздерін суытқан.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Сарыағаш аудандық ПБ-не СДТТБТ-не 190-бап «Қарақшылық» бойынша тіркеді. Жасалған қылмыстың ауырлығы мен ашықтан-ашық қорықпай жасалғанын ескере отырып, полицияда осы ауыр қылмысты ашуға бағытталған жедел-тергеу тобы құрылған. Сондай-ақ, аудандық полицейлерге көмек көрсету үшін облыстық

Полиция департаментінен бір топ жедел-іздестіру тобы келеді. Содан, полиция қызметкерлері бір апта ішінде куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият қарап, тексеріп шығады Нәтижесінде жедел топ мүшелері күдіктілер жасырынуы мүмкін автокөлік пен оның мемлекеттік нөмірін анықтаған. Алайда, мемлекеттік нөмір жалған болып шығып, қылмыскерлерді іздестіруді ары қарай жалғастырады. Осылайша тәртіп сақшылары күдіктілердің бірін Шымкент қаласының жалдамалы пәтерінен ұстады. Ол мегаполистің үш рет сотталған тұрғыны болып шықты. Ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазір күдікті қамауда.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы қарақшылық шабуылға қатысушының екіншісін ұстау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Сондай-ақ, күдіктінің жәбірленушіні ойыншық тапаншамен қорқытқаны анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.