КЕШІРІМ БЕРДІ: Қызды алып қашқан арыстық жігіт босатылды

0
982

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша тіркеуге алынған болатын.


КЕШІРІМ БЕРДІ: Қызды алып қашқан арыстық жігіт босатылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Арыс қаласында қызды алып қашқан жігіт үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР ҚК-нің 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша тіркеуге алынған іс екі жақтың татуласуына байланысты жігіт босатылды. Түркістан облысының Полиция демартаментінің берген мәліметінше, қыздың кешірім беруіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдіктілердің кішкентайларынан бірге өскендігі, сыныптас екендігі және 1 күнде дүниеге келгендігі анықталды. Сондай-ақ қыз бен жігіттің ата-аналары да бір-бірімен жақын араласатыны белгілі болды.

Еске салай кетейік, әлеуметтік желілерде Арыста сыныптас қызды алып қашқан жігіттер видеоға түсіп қалған болатын. Аталған оқиға резонанс тудырып, алып қашқан жігіт үстінен арыз түсірілген болатын.