ТҮРКІСТАН: Арыста сыныптас қызды алып қашқан жігіттер видеоға түсіп қалды (видео)

0
1 295

Куәгерлердің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.


ТҮРКІСТАН: Арыста сыныптас қызды алып қашқан жігіттер видеоға түсіп қалды (видео)

Түркістан облысы Арыс қаласында қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш видео v.shymkente атты Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Онда бір топ жігіт қызды көтеріп алып, автокөлікке күштеп отырғызып жатты. Орын алған жайтқа бейжай қарай алмаған жігіттер қарсылық көрсетті, алайда оған жігіттер тойтарыс беріп, көмекке ұмтылған үлкен кісіні құлатып түсіреді.

Осы жайтқа байланысты Түркістан облысының полиция департаментінің берген мәліметінше оқиға Түркістан облысының Арыс қаласында орын алғандығын анықтады. Қыздың анасы полицейлерге арызданған. Қазіргі таңда қыз өзінің үйіне, ата-анасына қайтып келген.

Аталған дерек СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша тіркелді. Күдіктінің айтуынша олар бұрын бір сыныпта оқыған және үйлену мақсатында алып қашқаны белгілі болды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауда.