Малайзиялық инвесторлар Түркістанда қонақүй бизнесін дамытады

0
933

20 қабатты қонақүй салуды жоспарлайды.


Малайзиялық инвесторлар Түркістанда қонақүй бизнесін дамытады

Түркістанда малайзиялық инвесторлар қонақүй бизнесін дамытпақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Малайзиядан келген әлеуетті инвесторлармен кездесті. Саяси-экономикалық дамуда зор табыстарға жеткен Малайзияның Joinland Group компаниялар тобының директоры Яп Леонг Чай мен Arjuna Asia компаниясының бизнесті дамыту бойынша директоры Доминик Синаппан бастаған бір топ бизнес делегация өкілдері Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуетімен танысуда.


Қонақүй, бизнес кешендер мен баспана құрылысы саласында көш бастап тұрған ірі компания басшылары Түркістандағы «Жаңа қала» аумағынан халықаралық стандарттарға сай 20 қабатты қонақүй салуды жоспарлайды.


Іскерлік кездесу барысында Түркістанда туризмді дамыту мүмкіндіктері ұсынылып, инвестициялар үшін негізгі бағыттар айқындалды. Атап айтқанда, қонақ үй бизнесі, тау шаңғысы және медициналық туризм саласындағы даму мүмкіндіктері талқыланды.


Тараптар Түркістан облысына туристік индустриясын бірлесіп дамыту үшін Малайзиядан инвесторларды тарту мақсатында ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Жаңа жобаға қатысты сұрақтарды талқылады. Жаңа нысан іске қосылғанда 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.


«Тиімді бизнес жүргізу үшін Түркістан облысында жаңа мүмкіндіктер мен зор әлеует бар. Түркістан өңірі – бизнесті жүргізу үшін тиімді орта. Туризм саласын дамытуда облыс орталығында жаңа, халықаралық стандаттарға сай қонақүйлердің салынуын құптаймыз. Біз өздеріңізбен инвестиция саласында жемісті ынтымақтастықтың кеңеюіне үміт артамыз. Алда тағы да ірі жобаларды қолға алуға атсалысамыз», – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.


Малайзия мемлекеті – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және мұсылман әлеміндегі ең сенімді серіктестерінің бірі. Joinland Group Сингапурдың құрылыс пен медицина саласына ірі көлемде инвестиция салған алпауыттардың бірі. Ұлыбритания мен Жаңа Зеландия елдері жылдар бойы тығыз байланысты жұмыс істеп келеді.