«Менің тілім - менің мақтанышым!»

0
2 912

Жиында бірқатар белсенді студенттер марапатталды.


«Менің тілім - менің мақтанышым!»

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында №19 колледжде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және 14 желтоқсан мемлекеттік тіл күніне орай аудандық Мәдениет жә­не тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мен колледж мекемесі ұйымдастырған «Менің тілім - менің мақтанышым!» атты әдеби-сазды кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мәдени іс-шарада тіл жанашыры, «Зейнеткер тынысы» апталық газетінің бас редакторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Серікбай Тұржан мен еңбек ардагері Ермаханбет Тойжанов және аудандық әйелдер кеңесі қо­ғамдық бірлестігінің төрайымы Нағима Қырықбаева ана тіліміз жайында сөз қозғап, студенттердің ой танымын ке­ңейтті.

Шара барысында колледждің өнерпаз қыз-жігіттері сахналық қойылымдар қойып, ән шырқап, өлең оқып, көпшілікке көңілді күй сыйлады. Сондай-ақ, әдеби кеште колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдос Дөңбаев, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» директоры Азира Сейілбекқызы мен Балжан Досбергеновалар сөз сөйлеп, колледждің бірқатар белсенді студенттерін марапаттап «Алғыс хат» табыс етті.