Шымкентте биыл 40 мыңдай тұрғын жұмыспен қамтылады

0
930

Шымкентте биыл 40 мыңдай тұрғын жұмыспен қамтылмақ. Қажет болған жағдайда оларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры мәлімдеді.


 Шымкентте биыл 40 мыңдай тұрғын жұмыспен қамтылады

Шымкентте биыл 40 мыңдай тұрғын жұмыспен қамтылмақ.Қажет болған жағдайда оларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры мәлімдеді.

Орталықтың директоры Ержан Серікбаевтың сөзінше, белгілі бір кәсіпті меңгергісі келгендер қысқа мерзімді дайындықтан өтеді. Ал, оқу орнын жаңадан бітіргендер үшін «Жастар практикасы» жобасы қолдау болмақ. Ағымдағы жылы мұнда 4274 азаматтан жұмысқа тұру туралы өтініш келіп түскен. Олардың 763-і жұмыс орнына жолдама алса, 29 жасқа дейінгі 1107 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланып қойыпты. Сондай-ақ жоба аясында жоғары білімі жоқ жастарға 3 айлық курстарға жолдама және ай сайын 16500 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі. Бұдан бөлек, 2,5 жыл тегін техникалық кәсіптік білім алуға да мүмкіндік бар. Бұл бағыт бойынша жастар жатақханамен, бір реттік ыстық тамақпен қамтылады.