Теріскейде төбелестен 21 жасар жігіт қаза тапты

0
2 246

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған елдімекенінде жас жігіттер арасындағы кикілжің соңы кісі өлімімен аяқталған. Қанды оқиға 2018 жылдың 22 желтоқсанында болған.


Теріскейде төбелестен 21 жасар жігіт қаза тапты

21 жасар Құлатай Асылбек Талғатұлын достары сағат 23.30-дар шамасында шақыртып алып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өкінішке орай, сол кеткеннен жігіт үйіне оралмапты. Сап сау, аман есен өз аяғымен үйінен достарына еріп шыққан перзентінің ауруханада көз жұмғандығы туралы хабарды ата-анасы түнгі үш жарымдар шамасында естіген. Туыстарының айтуынша, сол күні түнде жігіттер екі тарап боп ерегіскен көрінеді.

"Сегіз бала боп барған бұларға екінші тараптан төрт жігіттің алдын ала суық қару алып, дайындалып келгеніне сенімдіміз. Сегіздің үшеуі жарақатталғанын көрген соң қалғандары оқиға орнынан қашып кеткен. Үшеуі де далада қансырап жатқан. Інім ауруханаға жеткізілгенде тірі болған екен. Тек ота бөлмесіне жеткенше демі үзіліп кетіпті. Бірнеше жерінен пышақталған. Басынан да соққы алған. Айдың күннің аманында бауырымыздан айырылып, қан жұтып отырған бізден күдіктілер тарабы кешірім де сұраған жоқ. Тіпті бұл істің тергеу барысына да күмәнмен қараймыз. Пышақ неге осы уақытқа дейін табылмайды? Күдіктілердің "психикалық ақауға шалдыққан" деген қағаз алып алғанын білдік. Екеуінің туысы құқық қорғау органдарында лауазымға ие екендігін де естідік. Тергеу әділ өтсін. Бар қалауымыз осы",-дейді марқұмның туысқан әпкесі Қарлығаш.


"2018 жылдың 22желтоқсанында Созақ ауданында болған оқиға Созақ АПБ де ҚР ҚК нің 106 бабы, "Қасақана денсаулыққа зиян келтіру" бойынша СДТТБ тізіліміне тіркелді. Күдікті төрт азамат ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексер амалдары жүріп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалды. Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады",- деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.