​Түлкібастық студенттер зияткерлік сайыс өткізді

0
1 624

Қатысушылар «Креативті», «Білімді жастар», «Көрермен көзайымы», «Ұшқыр ойлы» номинацияларына ие болды.


​Түлкібастық студенттер зияткерлік сайыс өткізді

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Түлкібас агро бизнес және саяхат колледжінің оқушылары арасында зияткерлік сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі коллеждің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс өз нәтижесін берді.

«Жалпы білім беру» пәндік циклдік комиссиясы шет тілі пән оқытушыларының ұйымдастыруымен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» деген тақырыпта өткен зияткерлік сайыстың басты мақсаты – жастардың бойындағы ұлттық сананы ояту, ұлттық рухты сіңіру, оқып жатқан мамандықтықтарына деген құрметі артыру. Сонымен қатар, Отанға деген сүйіспеншілдік қасиетті ұялатып, қазақ еліне деген мақтаныш сезімін ояту болды», - дейді колледж мұғалімдері.

Үш сатыдан тұрған байқауда бағын сынаған оқушыларды әділ-қазылар алқасы «Креативті», «Білімді жастар», «Көрермен көзайымы», «Ұшқыр ойлы» номинациялары бойынша анықтап, өз дәрежесіне сәйкес, колледж директорының мадақтама қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.