ТҮРКІСТАН: 94 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға тағайындалған

0
1 041

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті және Әдеп жөніндегі Кеңес брифинг өткізді.


ТҮРКІСТАН: 94 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға тағайындалған

Түркістан облысында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жарияланған ішкі конкурстар нәтижесінде 94 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың өткізген брифингте мәлім болды.

Агенттікпен бекітілген стратегиялық жоспарға сәйкес, өңірлерде кадрлардың таза ауысымдылығы 7,4%-дан аспауы қажет болса, Түркістан облысында 2019 жылдың 1-тоқсанында бұл көрсеткіш – 0,9% құраған немесе 70 қызметші өз еркімен жұмыстан кеткені
Сонымен қатар, есептік кезеңде ҚР заңнамаларын білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу рәсіміне барлығы – 491 адам қатысып, оның 149 немесе 30,3% оң нәтиже алғаны айтылды.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға 584 конкурс жарияланғанын, оның ішінде жалпы конкурс бойынша лауазымдарға тағайындалған 178 үміткердің 71-і мемлекеттік қызмет жүйесіне алғаш рет қабылданғанын және ішкі конкурстар нәтижесінде 94 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалғанын және аймақта мансаптық өсу көрсеткіші 60,6 % құрағанын Ғалым Сұлтанұлы атап өтті.