ТҮРКІСТАН: Әлихан Смайылов Кентаудағы ЖЭО-ға барды

0
358

10 жылда бірінші рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.


ТҮРКІСТАН: Әлихан Смайылов Кентаудағы ЖЭО-ға барды

Әлихан Смайылов Кентаудағы ЖЭО-да жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кентау қаласының ЖЭО-сына барып, ондағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты.


Кентау ЖЭО-сы 3 мыңнан астам нысанды, оның ішінде көп қабатты және жер үйлерді, коммерциялық және бюджеттік ұйымдарды жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта мұндағы 6 қазандыққа соңғы 10 жылда бірінші рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.


«Бүгінгі таңда 4 қазандық толығымен дайын. Қалада жылыту маусымы жоспар бойынша 1 қарашадан басталуы керек. Сонымен қатар қосымша 2 қазандық күрделі жөндеуден өтеді, бұл да ЖЭО жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді», — деді Әлихан Смайылов.


Премьер-Министр облыс әкімдігіне жылыту маусымының қалыпты өтуі үшін жабдықтардың барлығын жедел және сапалы түрде іске қоса отырып, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.