ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданы әкімдігінде кітапхана ашылды

0
357

Оқырман сұранысы бойынша сөредегі кітаптар жаңартылып отырады.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданы әкімдігінде кітапхана ашылды

Бәйдібек ауданы әкімдігінің ғимаратында жылжымалы кітапхана пункті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының бастамасымен «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында Бәйдібек ауданы әкімдігінің ғимаратында жылжымалы кітапхана пункті ашылды.


Кітап сөресіне аудандық орталықтандырылған кітапхана қорындағы әдеби, саяси, дінтану, өнер, тарих, шетел әдебиеті, философия, психологиялық бағыттағы жалпы саны 200-ден астам кітап қойылған. Оқырман сұранысы бойынша сөредегі кітаптар жаңартылып отырады.


Жоба мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітапқа қолжетімділігін арттыру.