ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

0
938

Мұнда аудан кәсіпкерлерімен қатар, өңірдегі басқа аудан, қалалардан бірнеше кәсіпкер келіп мектеп формалары мен қалам, дәптер, сызғыш және де басқа оқу құралдарын жеңілдікпен, базар нарқынан төмен бағада ұсынды.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

Бәйдібек ауданында «Мектепке жол» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Бәйдібек ауданында «Мектепке жол» акциясы өтті. Аудан орталығындағы «Балалар» аллеясы алдында таңда басталған жәрмеңкеге келген аудан тұрғындарының қарасы көп. Мұнда аудан кәсіпкерлерімен қатар, өңірдегі басқа аудан, қалалардан бірнеше кәсіпкер келіп мектеп формалары мен қалам, дәптер, сызғыш және де басқа оқу құралдарын жеңілдікпен, базар нарқынан төмен бағада ұсынды.


Шараға арнайы қатысқан Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков жәрмеңкені аралап көрді. Аталған жәрмеңке жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға жеңілдік есебінде өзге қалаларға бармай-ақ, балаларына қажетті мектеп құралдарын бір жерден әрі төмен бағамен алу мақсатында ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті.


Жаңа оқу жылы қарсаңында жәрмеңкеде мектепке қажетті құралдар мен формаларды төмен бағада жеңілдікпен сатуды ұйымдастырушыларға аудан тұрғындары ризашылығын білдірді. Аталған шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тұрғындарға арнайы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.