ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік тұрғын «Ауыл аманаты» жобасымен кәсіп бастады

0
567

«Ауыл аманаты» жобасымен 2,5 пайыздық несие алуға аудандағы 144 азамат өтінім білдіріп, оның 108-і мақұлданған.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік тұрғын «Ауыл аманаты» жобасымен кәсіп бастады

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасын әске асыру қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша тұрғындардың кәсіп ашуына қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.


Бәйдібек ауданында «Ауыл аманаты» жобасымен 2,5 пайыздық несие алуға аудандағы 144 азамат өтінім білдіріп, оның 108-і мақұлданған.


Бүгінде аталған жоба аясында Ақбастау, Алғабас, Көктерек ауылдық округіндегі 57 азаматтың жылқы, мүйізді ірі қара, уақ малдарды бордақылау, сауынды сиыр алу, ауыл шаруашылық кооперативін техникамен жабдықтау бойынша жобалары қаржыландырылып, кәсіп бастағандар қатары күн санап артып келеді.


Оған дәлел, Ақбастау ауылының тұрғыны Тамара Дәуешова несие алып, кәсібінің нәсібін көріп келеді. Ақбастаулық кәсіпкер бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен 6 млн теңге несиеге өтінім білдіріп, аталған сомаға Алматы облысынан 18 бас жылқы сатып алған. Қазіргі таңда жылқыларын үй ауласында бағып, бордақылау ісімен айналысуда. Ал мал баптау ісімен жолдасы екеуі тыңғылықты айналысады.


Кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта мал басын көбейтіп, кәсібін кеңейтпек, осылайша, ауыл тұрғындарынан 5 азаматты тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.