ТҮРКІСТАН: Бәйдібектіктер қарияларға құрмет көрсетті

0
641

Еңбек ардагерлеріне алғыс хаттар табыстады.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектіктер қарияларға құрмет көрсетті

Бәйдібекте қарттар күніне орай аудан қарияларына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданы орталығында қарттар күні мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков қатысып, аудан ардагерлерін мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.


«Құрметті ауданымыздың ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері, сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер еліміздің қазынасысыздар. Әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз бен еткен еңбектеріңіз өскелең ұрпақ алдында үлгі-өнеге. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырсыздар. Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін», – деді аудан басшысы.


Сонымен қатар «Amanat» партиясының Бәйдібек аудандық филиалының төрағасы Ақбала Құлымбет пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай да қарияларды құттықтап, ауданның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып жүрген бірқатар еңбек ардагерлеріне алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ ауданға қарасты елді мекендерден жиналған қазыналы қариялар, өнерлі өрендердің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.