ТҮРКІСТАН: Ерекше байқау жеңімпазы марапатталды

0
974

Жеңімпаз - тәуелсіздік құрдасы.


ТҮРКІСТАН: Ерекше байқау жеңімпазы марапатталды

үркістан облысы Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тарту!» атты облыстық бейнебайқауы 09 желтоқсан күні желі қолданушыларының назарына ұсынылған болатын. Бүгінгі күні айтулы мереке қарсаңында бейнебайқаудың жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол Арыс аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Дәулет Төретайұлы.

1991 жылы туылған Тәуелсіздік құрдасы Дәулет ТО ПД-ның басшысы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтің атынан арнайы дипломмен марапатталды. Ол небары 3 минуттық бейнеролик арқылы барша қазақстандықтарды жылы лебізімен құттықтап, жастарды жігерлендіретін өлең шумақтарын оқыды. Бұл ролик ТО ПД-нің ресми парақшаларындағы «фэйсбук»пен «инстаграм» қолданушыларының мақтау сөздеріне, 3000-нан астам лүпіліне ие болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай кең көлемде ұйымдастырылған салтанатты шара осындай қуанышты жаңалықтарымен толысты.

Байқау жеңімпазының сөзімен айтар болсақ, «Бақытты ел болайық! Қазақстандықтар әрдайым бірге, бір шаңырақ астында өсіп-өркендей берейік! Жастарға үлгі болатын осындай байқаулар көптеп ұйымдастырыла берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!»