ТҮРКІСТАН: Қала әкімі салынған жолдардың сапасына сын айтты

0
436

20 күн ішінде қалпына келтіру тапсырылды.


ТҮРКІСТАН: Қала әкімі салынған жолдардың сапасына сын айтты

Түркістан қаласының әкімі жол сапасы бойынша мердігерлерге сын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы халық игілігі үшін төселген кейбір жолдардың сапасының төмендігіне қала әкімі сын айтты. 109 - Бірыңғай байланыс орталығына келген дәлелдер және жауапты бөлімнің тексерісі нәтижесінде жинақталған фотолар бойынша қала әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста презентация көрсетіліп, мердігер мекемелерге 20 күн ішінде қалпына келтіру тапсырылды.

"Қала дамуында тарихи сәттер орын алып жатқан уақытта, халық игілігі үшін атқарылып жатқан істердің маңызы да ескеріліп, оның есебі де сұралады. Сіздерге берілетін қаржы - халықтың қаржысы. Демек, сіздер халыққа есеп бересіздер. Істеріңізді болашақта балаларыңызға мақтана "Менің жұмысым" деп айтатындай атқарсаңыздар", - деген Рашид Абатұлы, жол сапасының маңыздылығын баса айтты.

Атап айтқанда, "АлемТрансЖол", "Баянды Құрылыс", "Нұр-Строй", "АқЖол", "Textronic-Company", "БерекеА", "Ст-Сервис" ЖШС мекемелерінің атқарған жұмыстары бойынша кемшіліктер назарға алынып, ескерту берілді. Алда 20 күн ішінде қалыпқа келтіру жұмыстары қаралып, апта сайын жоспардың орындалғаны бойынша есебі қаралмақ.