Түркістан қаласындағы велосипедтер іске қосылды

0
907

Айлық абонемент құны 500 теңге.


Түркістан қаласындағы велосипедтер іске қосылды

Түркістанды велосипедпен аралауға болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында дүйсенбіден бастап қаланың 5 бөлігіне орнатылған "Turkistan bike" станцалары қайта іске қосылды. Келбеті көркейген көне шаһарды таза ауада серуендеп көремін десеңіз, ол үшін карта немесе ID-кодты Әмір Темір көшесі бойындағы пирамида іспетті полиция пунктіндегі мекенжай бойынша бөлімшеден ала аласыз. Айлық абонемент құны 500 теңге.

Жалдау құны:

- 0-30 минут дейін - тегін;

- 31-60 минут дейін - 100 теңге;

- 61-120 минут (2 сағатқа дейін) - 250 теңге;

- 121-180 минут (3 сағатқа дейін) - 500 теңге;

- 181 минуттан бастап әр келесі пайдалану сағаты - 1000 теңгені құрайды.

Ақшаңыз таусылған бойда маманмен тілдесіп, ақысын төлеп, толтырып алуға болады. Жалпы, қала бойынша 5 тұрақта 80 тіркеу орны мен 40 велосипед қойылған. Велобекеттер мен сату бөлімі дүйсенбі, яғни 3 тамыздан бастап іске қосылады.

Тұрақтар: Гүлдер саябағында, Н. Назарбаев аллеясында (Пирамида іспетті полиция пунктінің жаны), Әуенді субұрқақ маңында, Түркі бағында және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ жанында орналасқан.

Велосипедті ұқыпты қолдануды және міндетті түрде сақтық шараларын сақтай отыра тебуді сұраймыз!