ТҮРКІСТАН: Қазақ-Қытай индустриялдық паркі ашылады

0
1 760


ТҮРКІСТАН: Қазақ-Қытай индустриялдық паркі ашылады

Түркістан облысында Қазақстан-Қытай индустриялық паркі құрылады. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында белгілі болды деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK GROUP қытай компаниясы арасында $524 млрд сомасына өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.

Меморандум негізінде «Түркістан» индустриялық аймағында Қазақстан-Қытай индустриялық паркін салынатан болады. Онда алдағы уақытта энергетикалық жабдық пен бұйымдар өндіретін өндіріс орналасатын болды.

Сондай-ақ "Түркістан" индустриялық аймағының жобасын іске қосу нәтижесінде электр моторлар, генераторлар, трансформаторлар, электр тарату және бақылау аппаратуралары, батареялар мен аккумуляторлар, электр сымдары мен электр өткізгіш аспаптар, электр жарықтандыру жабдықтары, тұрмыстық аспаптар, сондай-ақ жылыту электр энергиясының көздеріне арналған құрал-жабдықтар өндіретін болады.

Кәсіпорындарда өндірілетін өнімдер Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Орта Азия, Кедендік одаққа мүше елдеріне, Қытайға және де Еуропаға жөнелтілетін болады. Барлық өндіріс орындар толықтай іске қоссылса 8 мыңға жуық бос жұмыс орнындар ашылу жоспарлануда.