ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 8 елді мекенге газ берілді

0
1 454

Келес ауданындағы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінде табиғи көгілдір отыны берілді.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 8 елді мекенге  газ берілді

Түркістан облысы Келес ауданында 1519 отбасыға көгілдір отын берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданындағы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінде табиғи көгілдір отынымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар аяқталып, аталған ауылдық округтер жүргізілген газ жүйесіне қосылып отыр.

Жүзімдік ауылдық округінің Оңтүстік, Бірлесу, Сәтбаев, Ақсу елді мекендеріне, Бірлесу ауылдық округінің Қазақстан, 28-гвардия, Дихан, Берекелді елді мекендерін қоса алғанда жалпы 8 елді мекенге газ құбыры жүргізіліп, газдандыру жұмыстары толықтай біткен. Бүгінде екі ауылдық округте 1519 үйге көгілдір отын жеткізіліп, ауыл іші қуанышқа бөленуде.

Аталған ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасу үшін аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы барып, өзінің ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетерлігі, жыл соңына дейін Келес ауданы тағы да жалпы 5 елдімекенді табиғи газ жүйесімен қамтуды жоспарлап отыр.