ТҮРКІСТАН: Келес ауданында «Бірге - таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

0
1 798

Аталған шараға аудан бойынша 2300 жуық азамат тартылып, 117 шақырым көше тазаланды.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында «Бірге - таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Түркістан облысы аумағында өткізілетін «Бірге-Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясының жоспары бойынша, Келес ауданы аумағындағы ауыл және ауылдық округтердің санитарлық тазалық жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сенбіліктің аудан бойынша екінші күнінде бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындары сағат таңғы 08-00 ден бастады.

Аталған шараға аудан бойынша 2300 жуық азамат тартылып, 117 шақырым көше тазаланды.

Сенбіліктің барысын Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бақылап, сенбілікке шыққан тұрғындармен тазалық жұмысына атсалысты.

Сондай-ақ облыстық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушысы Мұқтар Сейтжапбаров келіп, сенбіліктің қарқынына оң бағасын беріп, өзі де сенбілікке қатысты. Жалпы аудан бойынша сенбілікте 9 дана берекетсіз күл-қоқыстар жойылып, 73 тонна қоқыс шығарылды. 3471 дана ағаштар әктеліп, 35 шақырым аяқжолдар тазаланды. 59 шақырым өзендердің, көпірлердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланды. Аудан бойынша 21 автобус аялдамалары актеліп сырланды. 9 дана балалар алаңшалары ретке келтіріліп тазаланды. Спорт алаңшалары да тазалықсыз қалмады. Аудан бойынша 4 алаңға тазалық жұмыстары жүрді.

Сенбілікке жалпы 8 техника тартылды.

Айта кететіні Келес ауданында жыл басынан бері 11 сенбілік өткізілген болса, облыс аумағында өткізілген ең ауқымды сенбілік, яғни бүгінгі тазалық шарасына аудан бойынша 108 мемлекеттік емес мекемелерден мамандар қатысты.

Дереккөз: Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі