ТҮРКІСТАН: Келесте 3 егіз бір мектептің табалдырығын аттады

0
952

2023-2024 жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 3100-ден аса оқушы қабылданды.


ТҮРКІСТАН: Келесте 3 егіз бір мектептің табалдырығын аттады

Келес ауданында бір мектептің 1-сыныбына үш егіз барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданындағы №23 1-Мамыр жалпы білім беретін мектебінің 1-сыныбына үш егіз барды. Олар: Алинұр мен Айзере, Әділбек пен Әсілбек, Аман мен Есен. Аталған білім ошағында «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасы өтіп, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталды.


Аталған білім ошағына биыл 85 бүлдіршін бірінші сыныпқа барса, олар 4 сыныпқа бөлініп білім алады. Өткен жылы 27 оқушы түлеп ұшса, соның 10-ы еліміздегі жоғары оқу орындарындағы білім гранттарының иегері атанған.


Айта кетейік, Келес ауданында 2023-2024 жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 3100-ден аса оқушы қабылданды. Жаңа оқу жылынан бастап аудандағы 1-4 сыныпта оқитын 13000-нан аса бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, аудан бойынша 3200-ден аса бала мектепке тасымалданса, биыл «Балалар жылы» аясында Келес ауданына 12 заманауи автобус берілді.