ТҮРКІСТАН: Келесте қоқыс тастағандарға айыппұл салынып жатыр

0
289

Тапсырма аясында жұмысшы топ құрылды.


ТҮРКІСТАН: Келесте қоқыс тастағандарға айыппұл салынып жатыр

Келес ауданында қоқыс тастағандарға айыппұл салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауылдық елді мекендердегі санитарлық тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын ретке келтіру мақсатында арнайы мобильді жұмыс тобын құруды тапсырған болатын.


Бүгінде тапсырма аясында Келес ауданында жұмысшы топ құрылды. Қазіргі таңда жұмысшы топ өкілдері елді мекендерді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Заң талаптарын бұзған тұрғындарға әкімшілік айыппұлдар салынуда.


Атап айтсақ, жыл басынан бері жол бойына коммуналдық қалдықтарды тастаған, абаттандыру ережелерін бұзған бес азаматқа айыппұл салынды.


Келес ауданының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ретке келтіру мақсатында құрылған жұмысшы топ комиссиясының жиыны өтті. Келес ауданы әкімінің орынбасары, жұмысшы топ жетекшісі Алмас Сексенбаевтың қатысуымен өткен басқосуға ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері мен аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты.


Жиын барысында ауыл және ауылдық округ елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары мен инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру аясында тұрғындарға ескерту, айыппұл салу бойынша жергілікті әкімдіктер мен учаскелік полицейлерге бірлесіп жұмыстар жүргізу тапсырмасы берілді.


Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандармен қоқыс тасмалдаушы мекемелермен келісімшарт жасау бойынша тиісті жұмыстарды атқару және санитарлық тазалыққа баса мән беру мәселелері қаралып, іс-шара жоспары бекітілді.