ТҮРКІСТАН: Келестіктер жібек құртын өсіруді жоспарлап отыр

0
429

38 азаматқа облыстық микрокредиттік ұйымы тарапынан несиелері мақұлданды.


ТҮРКІСТАН: Келестіктер жібек құртын өсіруді жоспарлап отыр

Келестік азаматтар жібек құртын өсіруге ынталанып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының Біртілек ауылдық округі «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысуы көзделген. Қазіргі таңда аталған жоба аясында 5 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 401 адам қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде 78 азаматтың құжаттары аудандық «Ырыс» микрокредиттік ұйымының өкіліне тапсырылса, 38 азаматқа облыстық микрокредиттік ұйымы тарапынан несиелері мақұлданды. Солардың қатарында тұт ағашын егіп, жібек құртын өндіруге бет бұрмақ болған азаматтар да бар. Оларға аудан әкімдігі тарапынан қажетті көмектер берілмек. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Біртілек ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде атап өтті.


«Ауыл аманаты жобасы кәсібін бастамақ болған азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл жобаға Біртілек ауылдық округінің әлеуетін ескере келе қатыстыруды жөн санадық. Бүгінде ауылдық округі аумағында «АгроКент» ауылшаруашылығы өндірісті коопертиві жылыжай және құс шаруашылығын дамыту бағыты бойынша ұсынылып, 78 адам кооперативке тіркелген. Қазіргі таңда 20 адамның құжаты (жылжымайтын мүлік) заңдастырылуда. Бұдан бөлек, өзім арнайы ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысу үшін мамыр айында Біртілек ауылдық округіне қарасты елді мекендерді өзімнің орынбасарларымен, дербес бөлім басшылармен арнайы араладым. Аралау барысында бірнеше тапсырмалар бердім», - деген аудан әкімі берілген тапсырмалардың орындалуы туралы кеңінен тоқталып өтті.


Игілік елді мекеніндегі ауыз су мәселесін шешу мақсатында Сарыағаш топтастырылған су жүйесі мекемесінің магистралды су құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Ал Жолбасшы елді мекеніндегі облыстық маңызы бар жол бойына аяқжол салуға 2280 метрге сметалық құжаттары істеліп, жұмыстар жүргізілуде. Біртілек ауылдық округі бойынша ішкі жолдарды жөндеу бойынша 11 көшеге сараптамадан қорытынды алу үшін құжаттар әзірленуде. Сонымен қатар 8 көше жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын жолға шағал тас төсеп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттары істелді. Берілген тапсырмалардың орындалуы бағытында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы кездесу соңында жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қыбылдап, олардың мәселесін тыңдады.