ТҮРКІСТАН: Мақтааралда "Өнерлі әжелер" байқауы өтті

0
1 980

Мақтаарал ауданында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау және өскелең ұрпаққа өнеге көрсету, ұмыт болып бара жатқан қазақы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қайта жаңғыртып, жастардың санасына сіңіру мақсатында өткен тағылымы мол байқауға округтен 6 әже қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда

Мақтаарал ауданына қарасты Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде «Өнерлі әжелер» ауыл әжелерінің сайысы болып өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау және өскелең ұрпаққа өнеге көрсету, ұмыт болып бара жатқан қазақы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қайта жаңғыртып, жастардың санасына сіңіру мақсатында өткен тағылымы мол байқауға округтен 6 әже қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
«Сіздердің бүгінгі өткізіп отырған шараларыңыз өскелең ұрпаққа, әсіресе, қыздарымыз бен жас келіндерімізге үлкен тәрбие береді деп білемін. Бүгін сіздер ұмыт болып, қолданыстан шығып бара жатқан салт-дәстұрлеріміз бен жөн-жоралғыларымызды қайта жандандырып, жас ұрпақты қайта қауыштырып отырсыздар. Ол үшін сіздерге, ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз»,- деді «Ж.Нұрлыбаев» ауылдық округінің әкімі Нұрғали Елшібаев.
Байқаудың шарттары бойынша ақ жаулықты әжелер өзін және отбасын таныстырып, қазақы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, өз өнерлерін көрсеткен әжелердің бірі әуелете ән салса, енді бірі ата- бабамыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздан, жөн- жоралғылардан көріністер қойды. Балаға берілетін ең алғашқы тәрбие – құлақ құрышын қандырар бесік жырын айтып, өз ұрпағының бақытты ғұмыр кешуін, бар жақсылықты бойына сіңіріп өсуін тіледі.
Ауыл тұрғындарының санасына ізгілік пен инабаттылық нәрін сепкен сайыста ешбір қатысушы марапаттаусыз қалмады. Округ әжелерінің қатысуымен өткен тағылымы мол сайыс шын мәнінде өскелең ұрпақ пен жас келіндердің көрегенділігі мен инабаттылығын, өнегесін арттырып, олардың тәлім-тәрбие ұрығын себуші, ұлттық салт-дәстүрді кейінгі ұрпаққа аманаттаушы екендігін жіті түсіндіруде ешкім қайталай қоймайтын, алмастыра алмайтын бейнесі екендігін дәлеледеген тағылымы мол шара болды.