ТҮРКІСТАН: Мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топ ұсталды

0
1 167

Жәбірленушіге келген шығынның жалпы мөлшері 2,5 миллионға жуық теңге болды.


ТҮРКІСТАН: Мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топ ұсталды

фото: иллюстрациялық

Түркістан облысында Сайрам аудандық полицей басқармаларының полицейлері аудан аумағында мал ұрлығын кәсіп қылған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың 1 сәуірінде Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне өткен түннің қарсаңында оның шаруашылық қорасынан белгісіз біреулер сиырын ұрлап кеткендігі туралы жергілікті тұрғын шағымданып келген.

Тәртіп сақшыларынан аумақтағы әрбір іріктелген аулалар мен қораларға тексеру жүргізілді және тиісті куәгерлерден жауап алып мал соятын және тарататын орындарға барды. Мал таситын автокөліктер де тексерілді.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Сайрам аудандық полиция басқармасының «Ізін суытпай тексеру» тобының қызметкерлері жергілікті тұрғындардан біреуі бұрын сотталған үш күдіктіні ұстады. Тергеу нәтижесінде күдіктілердің мал ұрлығына қатысты 9 іске қатыстылығы анықталды. Жәбірленушіге келген шығынның жалпы мөлшері 2,5 миллионға жуық теңге болды. Полицейлер ұрланған малдың бір бөлігін өндіріп, оны заңды иелеріне қайтарып берді.

Қазіргі кезде мал ұрлау оқиғасы бойынша алдын-ала тергеу ісі жүргізілуде. Күдіктілер тұтқындалды. Полицейлер қылмыстық топтың басқаның мүлкін ұрлау айғағы бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Дереккөз: ТО ПД-нің баспасөз қызметі