Түркістан мектептерінде «Ясауитану» пәні оқытылады

0
242

Жаңа пән бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін III кезеңге бөлініп оқытылмақ.


Түркістан мектептерінде «Ясауитану» пәні оқытылады

Түркістан қаласындағы мектептерге «Ясауитану» қосымша пәні енгізілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы «Ясауи мұрасындағы құндылық» атты ғылыми конференцияда мәлімделді. Жиынға облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» директоры Бақытжан Төлімбет, қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетаев пен ясауитанушы ғалымдар қатысты.


Конференцияда «Ясауитану» пәнінің оқыту әдістемесі мен көмекші құралдары таныстырылды. Жаңа пән бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін III кезеңге бөлініп оқытылмақ.