Түркістан облыстық соты жаңа ғимаратқа көшеді

0
651

Жалпы көлемі 17,5 мың шаршы метрді құрайтын заманауи төрт қабатты ғимаратта қаланың барлық соттары орналасатын болады.


Түркістан облыстық соты жаңа ғимаратқа көшеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық соттың жаңа ғимаратымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық соттың жаңа ғимаратымен танысты. Екі жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары алдағы желтоқсан айында толық аяқталып, ғимарат пайдалануға берілмек.


Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан жалпы аумағы 1,8 га. жерді алып жатқан жаңа сот ғимаратын заманауи жабдықтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы көлемі 17,5 мың шаршы метрді құрайтын заманауи төрт қабатты ғимаратта қаланың барлық соттары орналасатын болады. Мұнда судьяларға, сот қызметкерлеріне және келушілерге барлық қолайлы жағдай қарастырылған. Жаңа сот ғимаратына Түркістан қаласында орналасқан 8 сот көшіп келеді.


Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Онда спорт залы, асхана және техникалық бөлмелер бар әртүрлі функционалды аймақтар орналасады.


Келесі қабаттар судьялар кабинеті, бейнебайланыспен кешенді жарақтандырылған сот отырысы залдары, прокурорлар, адвокаттар және медиация кабинетімен жабдықталады.


Бұдан бөлек, ғимаратта акт залы, оқу залы, күту залы, баспасөз орталығы, мұражай, мұрағат орналасқан және психологиялық көмек көрсету бөлмесі болады. Заманауи және функционалды ғимарат сот төрелігін тиімді және сапалы жүзеге асыруға ықпал етеді.


Ғимараттың кіре берісінде электронды түрде қарауға болатын сот қызметі туралы қажетті электронды ақпараттар мен азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған.