​Түркістан облысында «Әр ауылға бір шебер» атты жоба жүзеге асады

0
1 202

Жиынды қорытындылаған «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев өңірдің экономикалық, әлеуметтік-саяси дамуында атқарылып жатқан игі істерге партия мүшелерінің қосып жатқан үлесінің көптігіні жеткізді.


​Түркістан облысында «Әр ауылға бір шебер» атты  жоба жүзеге асады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев "Нұр Отан" партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті ХХХҮ есеп беру-сайлау конференциясында «Әр ауылға бір шебер» атты жобаны жүзеге асыру туралы айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, жергілікті атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, жалпы партия мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес "Нұр Отан" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттері мен облыстық Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстарының есебі бойынша баяндама жасады. "Нұр Отан" партиясы Түркістан облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары бойынша облыстық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Әбдірахман Тасыбаев есеп берді.
Жиынды қорытындылаған «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев өңірдің экономикалық, әлеуметтік-саяси дамуында атқарылып жатқан игі істерге партия мүшелерінің қосып жатқан үлесінің көптігіні жеткізді. Конференция соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша арнайы қаулы қабылданды.