Түркістан облысында бірқатар білім мекемесі онлайн оқуға көшірілді

0
259

Отырар ауданындағы барлық 40 мектеп, 13 173 оқушы онлайн білім алу форматына ауысты.


Түркістан облысында бірқатар білім мекемесі онлайн оқуға көшірілді

Түркістан облысы бойынша кей аудандардағы білім мекемелері қашықтан білім алу форматына көшірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қолайсыз ауа-райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап Түркістан облысы бойынша кей аудандардағы білім мекемелері қашықтан білім алу форматына (онлайн) көшірілді.


Атап айтқанда, ауа райының күрт суытуына байланысты Отырар ауданындағы барлық 40 мектеп, 13 173 оқушы онлайн білім алу форматына ауысты.


Сондай-ақ, ауа-райының метеожағдайына байланысты Жетісай білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемесі – 74 мемлекеттік мектеп, 11 жекеменшік мектеп, 47303 оқушы қашықтан білім алуға көшті.


Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Мақтаарал ауданының бастауыш сынып оқушылары да онлайн білім алуда.


Ал ауа-райы қолайлы қалған аудан, қалалардағы оқушылар штаттық режимде білім алуда.