Түркістан облысында Шәмші Қалдаяқовтың туған күні тойлануда

0
3 368

Ұлы сазгердің қарындасына ұйымдастырушылар орамал жауып, сыйлықтарын тапсырды.


Түркістан облысында Шәмші Қалдаяқовтың туған күні тойлануда

ERNUR.KZ. Түркістан облысында Шәмші Қалдаяқовтың туылған күні тойланып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманның қазақ эстрадасының негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының Құрметті азаматы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен сағат 10:00 –де «Шәмші әлемі» гүлзарында Ш.Қалдаяқов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған іс-шараға ақын-сазгерлер, Шәмші Қалдаяқовтың қарындасы, «Менің Қазақстаным» ән байқауының финалсттері және өнерсүйер қауым қатысты. Гүл қою рәсімі барысында қатысушылар хормен Шәмшінің әнін айтып, 1 минут үнсіздікпен «Вальс королін» еске алды.

«Бүгін ағамныңдүниеге келген күнін қазақ халқы мерекелік іс-шарамен атап өтіп жатыр. Ағам өзінің ел-жұртының жүрегінде әсем әнімен, жарқын бейнесімен сақталғанын осыдан байқауға болады. Әркім өз ағасын сыйлайды ғой, мен үшін де ағамның орны өте ерекше. Тіпті менің ағама теңеу жоқ десе де болады. Мені ағам «Ахани» деп атайтын. Ағамның жүрегі дарқан еді. Қәзір тек еске аламыз. Мен барлығына алғыс айтамын!», - дейді Райхан Қалдаяқова көзіне жас алып.

Сондай-ақ, Ұлы сазгердің қарындасына ұйымдастырушылар орамал жауып, сыйлықтарын тапсырды.

Содан кеін, сағат 11.00-де Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының ақтық сыны басталды. Байқаудың ақтық сынында облыстағы аудан-қалалардан іріктелген 21 өнерпаз Шәмші әндерімен қатар облыстан шыққан басқа да ақын-сазгерлердің әндерін екі сайыс кезеңі барысында орындады.

Осы байқауға Шәмші Қалдаяқовтың туған жері Отырар ауданының атынан қатысып отырған Ұлжалғас Әбілдахан: «Мен ақтық сында Шәмші атамыздың «Отырардағы той» әнін орындадым. Әрине, ұлы сазгер туылған елдің намысын қорғау оңай емес. Сайыс алдында қобалжулар болды. Бірақ сахнадағы орындауыммен, қимылыммен қазақылықтың иісі аңқыған, топырағы киелі Отырардың дәрежесін көрсете алдым деп ойлаймын. Бас жүлдеден үміттімін», - дейді.

Айта кетейік, бүгін сағат 19.00 де «Шәмші әлемі» гүлзарында өтетін гала-концертте «Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталатын болады.

Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы өтті

Вальс королінің ауылында жаңа ескерткіш бой көтереді