Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы өтті

0
5 620

Аталған ән байқауына аудан-қалалардан іріктелген 15-29 жас аралығындағы 56 үміткерлер қатысты


Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы өтті

Түркістан облысы – ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Шәмші Қалдаяқов атындағы ән байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының екінші іріктеу кезеңі өтті.

Аталған ән байқауына аудан-қалалардан іріктелген 15-29 жас аралығындағы 56 үміткерлер қатысты.

«Бүгін ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың атындағы облыстық ән байқауы өтіп жатыр.ОҚО Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген, қазақтың музыка өнерінде орны ерекше, «Вальс королі» – Шәмші Қалдаяқовтың 300-ге жуық әндері бар. Бұл байқау 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл 26-мәрте жас таланттарға есігін ашып отыр. Осы жылғы байқаудың бір ерекшелігі – облыстағы 16 аудан-қалаға Шәмші Қалдаяқовтың 5 әнінен жазылу тарихы мен табиғатына қарай арнайы бөліп бердік. Шілде айының ортасында басталған ауда-қалалардағы іріктеуден облыстық байқауға 56 үміткер қатысып отыр.», - дейді Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директорының орынбасары Жорабеков Берік Әбдіқадірұлы.

Атап айтсақ, байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлер Ш.Қалдаяқовтың бір әнін орындаса, екінші кезеңінде Түркістан облысы композиторларының әндерін орындады.

Айта кетейік, "Менің Қазақстаным" ән байқауының қорытындысы бойынша ақтық кезеңге 21 өнерпаз жолдама алды. Ақтық кезең 15 тамыз күні "Түркістан" сарайында өтеді.