Түркістан облысындағы шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы берілді

0
1 525

Альпинистер бағындыратын (3446м) Түркістан облысының Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан соңғы 20-шы шың Елорданың 20 жылдығына орай - «Астананың 20-жылдығы» атауын алды.


Түркістан облысындағы шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы берілді

Астананың 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның 20 шыңына экспедиция ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Альпинистер бағындыратын (3446м) Түркістан облысының Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан соңғы 20-шы шың Елорданың 20 жылдығына орай - «Астананың 20-жылдығы» атауын алды.

Осы экспедицияны ұйымдастыру барысында туристік, экстремалдық спорт түрлерін дамытуға, экотуризм және трекинг бағдарларын ұйымдастыру үшін әлеуеті жоғары 3 өңір таңдалып алынды (Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары). Экспедиция аясында осы бағдарлардың барлығы тыңғылықты зерттелді. Ол үшін кәсіпқой альпинистер шақырылған болатын. Жалпы алғанда шараға 100-ден астам адам, оның ішінде кәсіби альпинистер және тәжірибелі саяхатшылар, танымал интернет - блогерлер қатысты. Экспедиция нәтижесі бойынша олар осы маршруттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша өз ұсыныстарын әзірлейді.

«Экспедиция Қазақстанның 5 негізгі таулы аймақтарын – Орталық Тянь-Шань, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай мен Өгем жотасын қамтыды. Олардың нәтижесі бойынша жаңа туристік және альпинистік бағдарлар ашылады, ал жинақталған фото- және видеобанк жарнамалауға, жергілікті халықты ішкі туроизм мен альпинизмге шақыруға қолданылатын болады», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Соңғы 20-шы шыңды бағындыруға жаппай альпиниаданың басталуына арналған іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісі депутаттары Павел Казанцев пен Серік Сапиев, сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков қатысты.

«Біз Қазақстанды тау державасына қайта айналдыру жолындамыз. Бұл үшін тау туризмнің барлық түрлерін дамытуға келетін еліміздің шығысына да, оңтүстігінде де керемет таулар бар», - деп айтты Павел Казанцев.

Өз кезегінде, Серік Сапиев өткізіліп жатқан экспедицияның ішкі туризімді дамытуға, жасөспірімдерді патриоттық және спорттық тұрғыда тәрбиелеуе маңызын атап өтті.

Жоба жетекшісі Арман Хасенов, бұл экспедиция Қазақстан үшін маңызды екенін айтып өтті. «Жоба таулардың араларын зерттеуге, туристік әлеуетке баға беру мен инфрақұрылымды жақсартуға кеңес беру және жаңа Қазақстан туристік өнімін құруға бағытталған», - деді Арман Хасенов.

Бүгінгі таңда Тянь-Шань тауларының Қазақстан жағы айтарлықтай танымал емес, сондықтан осы шараның мақсаты қазақстандықтар мен дүние жүзіне елімізде тау туризмін дамытуға әлеуеті бар екенін көрсету. Келешекте экспедиция барысында жиналған материалдар туристік бағдарламалар мен тиісті халықаралық гайбуктерге енгізілетін болады.

Естеріңізге салайық, экспедиция Тань-Шань тауларының солтүстігінен Нұрсұлтан шыңынан басталды. Оның биіктігі - 4330,9 м. Экспедиция барысында қамтылған таулар 3200 м төмен емес, оның ең биігі - Алтай тауларында орналасқан Мұзтау шыңы - 4506 м. Батыс Тянь-Шаньдағы жаңа «Астананың 20-жылдыға» атауын алатын шың экспедиция қамтыған соңғы тау шыңы болады.