ТҮРКІСТАН: «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы іске асырылып жатыр

0
1 277

Ұстаздар мен білімгерлерді кітап оқу жарысына шақырады.


ТҮРКІСТАН: «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы іске асырылып жатыр

Түркістан облысында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы табысты іске асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы Түркістан облысында табысты іске асып келеді. Былтыр Түркістан облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры өзара меморандумға уағдаласқан болатын. Меморандум негізінде облыстағы 50 мектепке «Jas Leader» факультативті курсы оқытылды. Аталмыш жоба оқушылардың, кітапханашылардың жəне ата-аналардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, сондай-ақ, оқу мəдениетінің деңгейін арттыруға жəне оқуды насихаттауға бағытталған.


Әкімдік тапсырмасымен іске асып жатқан «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Облыстық білім беруді дамыту орталығының инновациялық «KitapХАН@» кітап оқу жарыс жобасына Болат Өтемұратов қоры қолдау көрсетті. Балалар жылында өтіп жатқан кітап оқу жарысының жеңімпаздарына «Steppe World» баспасының «Хәрри Поттер» және тағы басқа көркем әдебиеттері ұсынылуда. Аталмыш жобаға облыстағы білім беру ұйымдарының педагогтері, колледж студенттері мен 5-10 сынып оқушылары қызыға қатысып келеді.


Жоба аясында көркем әдебиеттер тізімі 4 бағыт бойынша жүзеге асыру көзделген. Олар: еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары және түрлі анықтамалықтар мен ғылыми-көпшілік басылымдармен, оқу-әдістемелік құралдарымен жасақтау. Жоспарды жүзеге асыру үшін жыл сайын мектептердің кітапханасын 20%-ға көркем әдебиетпен толықтыру жұмыстары жүргізілмек. Яғни бес жыл ішінде мектеп кітапханалары 100 пайыз көркем әдеби кітаптармен қамтылуы тиіс.


Облыстық білім беруді дамыту орталығы облыс ұстаздар мен білімгерлерді кітап оқу жарысына шақырады.