ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында Республика күні аталып өтті

0
480

Ауданның жас суретшілерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында Республика күні аталып өтті

Отырар ауданында 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында «25 қазан – Республика күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Аудан активінің, құрметті қонақтардың және аудан тұрғындарының қатысуымен өткен мерекелік жиында алдымен «Менің Отаным – Менің Республикам» атты кітап көрмесі мен ауданның жас суретшілерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды.


Мұнан соң мерекелік шарада Мемлекеттік Әнұран шырқалып, одан әрі аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ержан Оралбай мен аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.


Мерекелік шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азаматтар аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.


Одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласып, көпшілік патриоттық әндерді тыңдап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.