ТҮРКІСТАН: Сарыағаш базарында 4 жасар бүлдіршін жоғалып кетті

0
1 290

Әкесі қызын жетектеп, орталық базарлардың біріне қызына керекті заттар алу үшін барған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш базарында 4 жасар бүлдіршін жоғалып кетті

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден алынды

Жергілікті тұрғын жоғалған төрт жасар қызын тапқан тәртіп сақшысына алғысын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының орталық базарларының бірінде аудан тұрғынының 4 жасар қызы жоғалып кеткен болатын.

Оқиға былай өрбіген еді. Әкесі қызын жетектеп, орталық базарлардың біріне қызына керекті заттар алу үшін барады. Осылайша базар аралап, сауда жасап жүрген әке жанындағы әлі тілі толық шықпаған қызының қасынан қалайша ұзап кеткендігін байқамай қалады. Қызының жоғалғанын білген әкесі «ізін суытпай» бірден көмек сұрап, полицияның «102» нөміріне қоңырау шалуға мәжбүр болды.

Полицейлер тез арада базардың мекен-жайы орналасқан аумаққа қарай бағыт алып, базарға жақын және алыс аумақтарын топ-топқа бөлініп іздестіре бастайды. Осылайша, Сарыағаш ауданының полицейлері адасып, жылап жүрген көше бойындағы жоғалған қызды екі сағаттың ішінде табады.

Жанын қоярға жер таппай, шарқ ұрып қызын іздеген әке ботақанының табылғанына дән риза болып, аудан полицейлеріне, оның ішінде қызды әкесіне санаулы уақытта тауып, аман-есен тапсырған Ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Жұмат Суннатұлына шексіз алғысын жеткізді.

Дереккөз: ТО ПД-нің баспасөз қызметі