ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 900 орынға лайықталған мектептің құрылысы басталды

0
492

Қолданыстағы мектептің сыйымдылығы төмен.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 900 орынға лайықталған мектептің құрылысы басталды

Сарыағаш ауданының әкімі әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде мектеп тапшылығын жойып, балаларды жайлы білім ошағымен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алған. Соның бір мысалы – Сарыағаш ауданында бой көтеріп жатқан 900 орынға лайықталған мектеп. Жуырда аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекеніне барып, жаңадан салынып жатқан нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.


Бүгінгі таңда аталған елдімекендегі қолданыстағы мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп келеді.


«Аталған ғимарат балалардың болашағы үшін бой көтеріліп жатқан білім ордасы болғандықтан бірінші кезекте сапалы болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру маңызды», - деді құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы.


Айта кетсек, қазір мектептің қазаншұңқыр топырағын нығыздау жұмыстары жүргізіліп жатыр.