ТҮРКІСТАН: Сарыағашта оңалту орталығы іске қосылды

0
1 209

Орталық 38 адамға арналған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта оңалту орталығы іске қосылды

Сарыағаш ауданындағы Құркелес ауылында оңалту орталығы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылы, Еңкес елді мекенінде «Бегім Арт» оңалту орталығы ашылды. Аталған орталықта ерекше күтімді қажет ететін жандарға барлық жағдай қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың ем қабылдап, қоғамдық ортаға бейімделуіне үлес қосатын орталық жеке инвестор есебінен ашылған. Медициналық орталықтың ашылуына аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы қатысты.


«Балалардың осы орталықтан оңалып кетуіне тілектеспін. Ата-аналардың жүзін мұң шалмасын. Мұнда қызмет көрсетудің қиындығына мойымай, кемтар балаларға жүрек жылуын берулеріңізге сенім білдіремін. Енді балаларымыз кешенді оңалту шараларын алысқа сабылмай, осы орталықтан алады», – деді Арман Абдуллаев.


Жеке инвестор Б.Бейсенов меншігіндегі «Бегім Арт» медициналық оңалту орталығынының аумағы 2000 гектарды құрайды. Орталық 38 адамға арналған. Онда 42 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған.