ТҮРКІСТАН: Шардарада жайылымдық жер мәселелері сараланды

0
535

Бүгінде жеке және заңды тұлғалардан орман алқаптарын мал жаюға пайдалануға өтініштер түсуде.


ТҮРКІСТАН: Шардарада жайылымдық жер мәселелері сараланды

Шардара ауданында жайылымдық жер бойынша қордаланған мәселелер сараланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын іске асыру мақсатында Шардара ауданында қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылып, олардың шешу бағытын қалыптастыру үшін арнайы мәжіліс өтті.


Мәжіліске Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Түркістан облысының жер ресурстарын бақылау департаменті, Түркістан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы және Шардара ауданының әкімінің орынбасары мен аудандағы орманды жанама пайдаланушы (мал жайылымына) жеке және заңды тұлғалар қатысты.


Бүгінде жеке және заңды тұлғалардан орман алқаптарын мал жаюға пайдалануға өтініштер түсуде. Жиында соларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселесі де қаралды. Тұрғындар арасында шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу мақсатында өткізілген жиында тұщымды жауаптар берілді.


Сондай-ақ Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев жайылымдық жерлер мен оны пайдалану бойынша заңдылықтарын түсіндіріп, ұсыныстарын айтты.


Айта кетейік, бүгінгі таңда, Шардара орман шаруашылығы КММ-нің иелігіндегі мемлекеттік орман қоры жерлерінің көлемі 891 581 га құрайды. Соңғы жылдары мал шаруашылығын өсірумен айналысатын шаруалардың өтініш-талаптарын қанағаттандыру мақсатында, 600-700 мың гектарға жуық орман шаруашылығы жерлерін жанама пайдалануға беріліп келеді.