ТҮРКІСТАН: Шардаралық диқандар мың тоннадан астам қарбыз экспорттап үлгерді

0
451

Егістік алқабының басынан бір келісін 50-55 теңге аралығында сатып алуда.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық диқандар мың тоннадан астам қарбыз экспорттап үлгерді

Шардара ауданының диқандары 1130 тонна қарбыз экспорттап үлгерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Шардара ауданының диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды.


Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 1130 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек Ресей, Моңғолия және өзге де ТМД елдерінің нарығына экспортқа жіберді. Оның ішінде ішкі нарыққа 7570 тонна өнім шығарылды.


Сондай-ақ, өз еліміздің өзге өңірлеріне аталмыш бақша өнімін экспорттау қарқынды жалғасуда.


Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 50-55 теңге аралығында сатып алуда. Диқандар алдағы уақытта экспорт көлемі арта түсетінін айтады. Шардара ауданында қарбыз қоры мол.


Айта кетейік, биыл ауданда 9227 гектарға жуық бақша алқабы егіліп, одан 240 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр.