«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ»: Бәйдібекте қос ақынмен кездесу өтті

0
381

Кеш кейіпкері Бәйдібек ауданының арда ұлдары – айтыскер ақын Біржан Байтуов және жас ақын Әлімжан Әлішер.


«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ»: Бәйдібекте қос ақынмен кездесу өтті

Бәйдібек ауданында «Түркістан таланттары» жобасы аясында қос ақынмен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімдігі және облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы мен «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен «Түркістан таланттары» жобасының өңірлік кеші Бәйдібек ауданында жалғасты.


Кеш кейіпкері Бәйдібек ауданының арда ұлдары – айтыскер ақын Біржан Байтуов және жас ақын Әлімжан Әлішер. Ақындарды жұртшылық құрмет-қошеметпен күтіп алды. Жиналған жастарға ізгі ой айтып, қаламынан туған өлеңдерін оқыды. Кейіпкерлердің өлеңдерін аудандағы оқырман қауым жатқа оқып, әдебиетке қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.


Іс-шараға Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерғали Есмырзаев қатысып, кеш кейіпкерлеріне құрмет көрсетті.