ТҮРКІСТАН: Тәуелсіздік күні дүниеге келген Қасым-Жомартқа құрмет көрсетілді

0
468

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат тапсырылды.


ТҮРКІСТАН: Тәуелсіздік күні дүниеге келген Қасым-Жомартқа құрмет көрсетілді

Түркістан облысында 16 және 17 желтоқсан күндері дүниеге келген 248 сәби дүниеге келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Сүйінші» сыйқорабы сыйға тартылды. Түркістан облысында 16 және 17 желтоқсан күндері дүниеге келген 248 сәби дүниеге келген болатын. «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған.


«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деп жазылған Президенттің құттықтауында.


Егемен еліміздің 30 жылдық мерейтойы күні Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округі, Абай ауылының тұрғындары Жүнісбеков Нұрсұлтан мен Дәулетова Фаризаның отбасында дүниеге келген сәбиге ата-аналары Қасым-Жомарт деген есім берді.


Сәбидің ата-аналарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты және «Сүйінші» қорабын жіберілді. Сыйлықты табыстау мақсатында Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары Ақылбек Мұхаддас арнайы құттықтап барды. Сәбидің алғашқы төлқұжаты, яғни, туу туралы куәлігін ата-анасына табыс етіліп, еліміз Рахымжан Қасым-Жомарт Нұрсұлтанұлы есімді бір азаматпен толықты.


«Барлық ата-ана өз сәбиіне жақсы есім қоюға тырысады ғой. Жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Тәуелсіздік мерекесі күні дүниеге келген ұлымызға Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтай тұлғаның ұлтқа деген жанашырлығы, ел бастаған даналығы дарыса дейміз. Ұрпақтарымыздың білімді, адами жоғары қасиеттерге ие тұлға болып қалыптасқанын қалаймыз. Сондықтан балалардың есімін қоюда мың толғанып, асықпай қоюды жөн санадық», – деді сәбидің әкесі Нұрсұлтан.