ТҮРКІСТАН: Төлебиде туристік фестиваль өтті

0
539

Фестивальге әр ауданнан жалпы саны 150-ден аса адам қатысты.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде туристік фестиваль өтті

Төлебиде «Жаз қызығы – көңілді демалыс» атты туристік фестиваль өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы білім басқармасына қарасты «Жас туристер станциясы» Төлеби ауданындағы Біркөлік шатқалында туристік фестиваль өткізді. Балаларға арналған облыстық шараға Түркістан облысы білім басқармасының Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Жандос Маханбетұлы қатысып, жас туристерге сәттілік тіледі.


Бұған дейін «Жаз қызығы – көңілді демалыс» тақырыбында әр аудандағы станция филиалдары үйірмешілерге танымдық бағытта экскурсия жүргізіп келген. Ал бұл жолы барлық үйірмеші Біркөлікте бас қосты. Әр өңір өзіндік ерекшеліктеріне байланысты көрме ұйымдастырды. Ашық аспан астындағы шарада Келес ауданының жас шабандоздары ат әбзелдерін таныстырса, Созақтық үйірмешілер садақ атып көзге түсті. Сондай-ақ, әр ауданнан келген үйірмешілер жергілікті табиғат жағдайына байланысты туризм элементтерін көрсетті. Отырарлық оқушылар қазақша күрес әдістерін көрсетсе, сайрамдықтар туристік бағыттағы әндерді шырқады.


Өңірімізде балалар мен жасөспірімдер туризмінің барлық бағытын дамытып, оқушыларға ұлттық құндылықтарды насихаттау. туристік-спорттық және ұлттық ойындарды дәріптеу арқылы оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру мақсатында өткен фестивальге әр ауданнан жалпы саны 150-ден аса адам қатысты.


Аталмыш орталық осы жазда 700-ден астам іс-шара өткізіп үлгерген. «Жаз қызығы – көңілді демалыс» бағдарламасы аясындағы көңілді жиын мұнымен аяқталмайды. Жас туристердің келесі шарасы Сайрам өңірінде жалғасады.