ТҮРКІСТАН: Т​үлкібастық 192 отбасы қоныс тойын тойлады

0
1 010

Ауданда тұрғын үй кезегінде 2083 азамат тұр.


ТҮРКІСТАН: Т​үлкібастық 192 отбасы қоныс тойын тойлады

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы тұрғындары баспанаға қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасымыздың «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында 64 пәтерлік 3 тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.

Мерекелік шараны алғы сөзбен аудан басшысы Н.Тұрашбеков ашып, жиналған қауымды жаңа жылмен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыс етті.

Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 2083 азамат болса, соның ішінде 192 азамат жаңа баспанаға қол жеткізген. Оның ішінде ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен жас отбасылар бар. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылы аудан орталығынан және Састөбе кентінде жалғасын табады.

Жалпы үш 64 пәтерлі үйлердің кілттері: 69-көпбалалы отбасыға, 17-і жетім балаларға, 36- толық емес отбасыларға, 42-і мемлекеттік, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, 5-і мүгедек бала тәрбиелеуші отбасыларға, 21-і 1 және 2 топ мүгедектеріне, 1-і зейнеткерге, 1-і жалгыз үйі апатты деп танылған жанұяға берілді.