ТҮРКІСТАН: Жемқорлыққа қарсы шара қабылдамаған басшы айыппұл төлейді

0
974

Шамамен 1,8 млн. теңге.


ТҮРКІСТАН: Жемқорлыққа қарсы шара қабылдамаған басшы айыппұл төлейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басышысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, ол мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы алып, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, жоғарыда аталған лауазымды адамдар үшін жаза 600 айлық есептік көрсеткіш немесе шамамен 1,8 млн. теңге айыппұл төлейді.

«Егер алынған заңсыз сыйақының немесе сыйлықтың сомасы 2 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, әкімшілік жауапкершілікте болады. Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл шамамен 600 мың теңге», - деді Мирас Асқарбайұлы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан "Түркістан - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлзия Қарсыбай ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Жобалық кеңсе қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда түрлі салаларға қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кемшіліктерді дер кезінде қалпына келтірілуде. Мәселен, 2021 жылы "Сапалы жол" жобасы аясында 4 қала/ауданда мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жол саласындағы анықталған 29 бұзушылық бойынша әкімдік пен мердігер компанияларға қалпына келтіру бойынша ұсыныс жасалды», - деді Гүлзия Нұрғалиқызы.

Бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша Түркістан облысында 2021 жылы құны 42 млрд теңгеден аса 10 ірі кәсіптік субъект сүйемелдеуге алынған. Сонымен қатар, 2020 жылы Түркістан облысы бойынша ашық бюджеттердің интерактивті картасында 1,4 трлн теңгеден аса сомаға 3 497 бюджет жарияланған және аталған ақпараттық жүйеге жасалған қоғамдық мониторинг нәтижесінде 13 млн теңге қаражат үнемделген.