ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы зауытта күніне 30 мың кірпіш өндіріледі

0
863

Бүгінде зауыт құрылтайшысы 30 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы зауытта күніне 30 мың кірпіш өндіріледі

«Мақтаарал-қыш» зауытында күніне 30-35 мың дана қыш өндіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Мақтаарал-қыш» ЖШС зауытына барды. Өндіріс орны 10 жылдан астам уақыттан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Бүгінде зауыт құрылтайшысы 30 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Күніне 30-35 мың дана қыш өндіріледі. Кәсіпкер Нұрдулла Қалисаевтың айтуынша, бір қыштың бағасы 45-50 теңге.


Мұнан соң журналистер қауымы Ынтымақ ауылдық округіндегі АГТС құрылысымен танысты. Қазіргі таңда аудандағы 112 елді мекеннің 56-сы газбен қамтылған. Бүгінде ауданда екі бірдей АГТС іске қосылуға дайын тұр. Газ тарату станциялары іске қосылса, аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылмақ.


Сонымен қатар, журналистер Жетісай қаласындағы орталық саябақты жаңарту жұмыстарының құрылысымен танысты. Онда дене шынықтыру кешенінің құрылысы да жүргізіліп жатыр. Өткен жылы жұмысы басталған қос қабатты нысан биылғы жылдың соңына дейін ел игілігіне тапсырылмақ. Жұмыстар аяқталған кезде жалпы ауданы 17,14 гектар арнайы демалыс аймағы іске қосылады. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық сауықтыру кешендері, түрлі ойын атракциондары, бассейндер мен субұрқақтары қолданысқа беріледі.